Ы.Алтынсарин атындағы #25 ЖББ мектебі КММ-де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрімізді насихаттау және халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін таныстырды. Сондай-ақ, ән айтылып, би биленіп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Наурыз көже, бауырсақ секілді ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекенің сәні арта түсті.
Іс-шараға «Балқаш сазы» халықтық ардагерлер хоры арнайы келіп қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің мазмұнын одан әрі айшықтай түсті. Құрметті қонақтарға ризашылық білдіріліп, алғыс хат табысталды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар «Бұрымды қыз», «Үздік ұлттық сынып киімі», «Ең көрікті ұлттық киім» номинациялары бойынша, сондай-ақ арқан тартыс, асық ату, қол күрес ұлттық ойындары бойынша жүлделі орындармен марапатталды.
Аталған іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты жаңғыртуға, бірлік пен татулықты нығайтуға өз үлесін қосты.
В КГУ «ОШ №25 имени Ы. Алтынсарина» в честь праздника Наурыз было организовано и проведено праздничное мероприятие под названием «Қош келдің, Әз Наурыз!».
Цель мероприятия – привить учащимся уважение к национальным ценностям, традициям и культурному наследию казахского народа.
В ходе праздника учащиеся были одеты в национальные костюмы, демонстрировали казахские обычаи и традиции. Также прозвучали песни и кюи, были исполнены танцы, организованы национальные игры. Гостям были предложены национальные блюда – наурыз коже, баурсаки и другие угощения.
На мероприятии также приняли участие гости — народный хор ветеранов «Балқаш сазы», которые украсили праздник своими выступлениями и придали мероприятию особую атмосферу. В знак благодарности почетным гостям были вручены благодарственные письма.
В завершение мероприятия активные участники и победители были награждены по номинациям «Бұрымды қыз», «Лучший национальный классный костюм», «Самый красивый национальный костюм»
#Ұлы_Дала_Наурызы
KZ

