Skip to content

“Patriots Quiz Time” интеллектуалдық ойыны 2026 жылдың 2 наурыз күні…

“Patriots Quiz Time” интеллектуалдық ойыны

2026 жылдың 2 наурыз күні Балқаш қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-нің 6А сыныбында “Patriots Quiz Time” атты интеллектуалдық командалық ойыны өтті.

🔹 Мақсаты:
– Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін тереңдету;
– Логикалық ойлау, топпен жұмыс жасау және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
– Адалдық, жауапкершілік және азаматтық құндылықтарды қалыптастыру;
– Ұлттық құндылықтарды заманауи өмірмен байланыстыра білуге үйрету.

Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Командалық рух пен патриоттық сезім ерекше байқалды.

👏 6А сынып оқушыларына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!