Skip to content

🏐 ОҚУШЫЛАР ВОЛЕЙБОЛДАН САЙЫСТЫ Мектебіміздегі “Teach For Qazaqstan” жобасының қатысушы…

🏐 ОҚУШЫЛАР ВОЛЕЙБОЛДАН САЙЫСТЫ

Мектебіміздегі “Teach For Qazaqstan” жобасының қатысушы ұстаздары волейболдан мектепішілік турнир ұйымдастырды. Ұлт Ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы және “Адал азамат” жобасы аясында өткен спорттық сайыс қызықты әрі тартысты өтті. 🔥

Бұқаралық спортты дамыту және мектеп оқушыларының арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткен шараға 8-11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысып, өзара шын мықтыны анықтады. 🤝

— Мектеп оқушыларының спорт түрлеріне жоғары қызығушылығы байқалады. Әсіресе волейбол ойынына қызығатын шәкірттеріміз көп. Оқу жылы аяқталар тұста мұндай жарыс сіздердің жігерлеріңізді арттырып, мектеп өмірін қызықты ететініне сеніміміз мол, — деді мектеп директоры Асхат Хасейнұлы өз құттықтау сөзінде.

Спорттық шараны ұйымдастыруға мектеп әкімшілігі қолдау білдіріп, мектептің дене шынықтыру және өзге пән мұғалімдері зор үлесін қосты. 🙌

Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ мектебінің 11-сынып оқушыларынан құралған команда І орынды иеленсе, 8-сынып командасы жүлделі ІІ орынды иеленді. 🥇🥈
Жарыс қорытындысы бойынша 10 және 9-сынып командалары ІІІ орынға лайық деп танылды. 🥉

Сонымен қатар сайыста Солтан Елжан м