Skip to content

Мектебімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның…

Мектебімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, мектеп аумағын абаттандыру және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сенбілікке мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, қызметкерлер және оқушылар белсенді түрде қатысты. Барлығы бірлесе отырып, мектеп ауласын қоқыстан тазалап, айналаны ретке келтірді, жасыл желектерге күтім жасады.

Іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектер ерекше үлес қосып, «Түлектер аллеясына» 40 түп ағаш отырғызды. Бұл игі бастама – табиғатты аялаудың және мектепке деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Мұндай шаралар өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беріп қана қоймай, бірлік пен жауапкершілікті нығайтады.
#Таза_Қазақстан