📢 Мектебімізде кәсіби бағдар күні аясында «Мамандықтар марафоны» байқауы өтті. Байқаудың 3 кезеңі бойынша 8-11 сыныптар таңдап алған мамандықтары бойынша бейнероликтер дайындап, мамандықтардың ерекшелігі, артықшылығы мен маңыздылығы туралы айтып өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұмат беру, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға бағыт-бағдар көрсету және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталды. 1 орынды 10А( дәрігер)сыныбы, 2 орынды 8Б(дизайнер)сыныбы, 9А(психолог)сыныбы иеленсе, 3 орынды 8Ә(мұғалім)сыныбы, 8А(тәрбиеші)сыныбы, 9Б(косметолог)сыныбы бөлісті. 10Б(мұғалім)сыныбы белсенділік танытқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, еңбекке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Кәсіби бағдар беруші педагогтар: Токтаубаева Г.Ж.
Назымбекова Ж.М.
#кәсіби_бағдар
#проферрантация
KZ

