Skip to content

Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ерекше мазмұнды әрі тәрбиелік мәні…

Мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ерекше мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті. Атап айтқанда, «Әкелер мектебі» мен «Ағалар мектебінің» қатысуымен әкелер мен ағалар арасында шахмат және шашкиден жарыс ұйымдастырылды.

Бұл жарыстың басты мақсаты – жас ұрпаққа үлгі болатын әке мен аға бейнесін дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту және зияткерлік ойындар арқылы қатысушылардың ойлау қабілетін дамыту болды.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шеберліктерін, логикалық ойлау деңгейін және төзімділіктерін көрсете білді. Әр партия тартысты да қызықты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шахмат пен шашки – сабыр мен терең ойды талап ететін зияткерлік ойындар. Осындай додада әкелер мен ағалардың белсенділік танытуы – жас ұрпаққа үлкен өнеге.

Іс-шара соңында үздік ойын көрсеткен қатысушылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.
#біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#әкелер_мектебі
#ағалар_мектебі