Skip to content

Мектебімізде 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай барлық сыныптарда…

Мектебімізде 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай барлық сыныптарда «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-анаға деген құрметті арттыру, сыйластық пен мейірімділікке тәрбиелеу болды.

Сынып сағаттары барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, өз жанұялары жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтылып, тренингтер, пікір алмасулар және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен татулықтың үлгісін көрсетті.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында отбасына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

В школе были проведены классные часы, посвящённые Международному дню семьи. Основной целью мероприятия стало воспитание у учащихся уважения к семейным ценностям, любви и почтения к родителям, доброты и взаимопонимания.

В ходе классных часов учащиеся делились мыслями о значении семьи в жизни человека, рассказывали о своих семьях, принимали участие в воспитательных беседах, тренингах и творческих заданиях. Все мероприятия прошли активно и познавательно, способствуя укреплению чувства уважения, дружбы и семейного тепла среди школьников.

#Отбасы_күні
#Адал_азамат