Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы. Бұл күн —бір-бірімізге рахмет айтуды, еңбекті байқауды, жақсылықты бағалауды еске салатын күн. Осы күнге орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5Ә сыныбы Алғыс айту күніне арналған акцияға қатысып, шынайы ризашылықтарын білдірді.
Алғыс — үлкеннен де, кішіден де басталады.
Алғыс — жүректен шыққанда ғана мәнді.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке, баршаңызға болаттай берік денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!
Алғыс айту күні құтты болсын!
KZ

