Биыл қазақтың Ұлы Ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы аталып өтілуде. Одан бөлек күні кеше, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Осы атаулы даталарға орай мектебіміздің қабырғасында қаламыздың ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Ғұмыркеруен» кітабының авторы Мақсат Күземханмен кездесу өтті. Іс-шара барысында ақын өзінің шығармашылық жолы туралы кеңінен әңгімеледі. Ол бала кезден өлеңге деген қызығушылығы қалай оянғанын, алғашқы туындыларының жарық көруі, ақындық жолдағы жетістіктері жайлы сыр шертті. Ақынның әрбір сөзі жастарға үлкен ой салды, шабыт берді.
Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – ақынның өз өлеңдерін мәнерлеп оқуы болды. Оның жүректен шыққан жырлары тыңдаушылардың көңіліне терең әсер қалдырды. Әсіресе Отан, туған жер, махаббат тақырыбындағы өлеңдері көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.
Кеш барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Ақын жастарға кітап оқудың маңыздылығын, тіл мен әдебиетті құрметтеу керектігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол әр адам өз арманынан таймай, мақсатқа ұмтылу керектігін айтты.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосады. Ақынмен жүздесу бізге үлкен әсер қалдырды, әде�

KZ
