Skip to content

2026 жылғы 15 мамырда мектепте «Қауіпсіз жаз – 2026» тақырыбында…

2026 жылғы 15 мамырда мектепте «Қауіпсіз жаз – 2026» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Ата-аналар алдында Балқаш қаласының ЮПТ ОПБ УПИ полиция капитаны Надирбеков М. сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жасөспірімдердің кешкі уақыттағы күн тәртібін сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар ата-аналарға Абжанова Б.С. — Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы құтқарушы-медбикесі ақпарат берді. Ол жаз мезгілінде көлдегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып, алғашқы көмек көрсету жолдарын еске салды, сондай-ақ балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды.
Жиналысқа қатысушылар алдында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Жолдасбекова М.М. және Бондарь И.В. сөз сөйлеп, ата-аналарға жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы, олардың қауіпсіздігін үнемі бақылау қажеттілігі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау және демалыс уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына ата-аналардың жауапкершілігі туралы түсіндірді.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.