Skip to content

2026 жылғы 13 мамырда «Қазақмыс» корпорациясы колледжінде педагогтер арасында тәжірибе…

2026 жылғы 13 мамырда «Қазақмыс» корпорациясы колледжінде педагогтер арасында тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинар аясында 5 «А» сыныбының сынып жетекшісі Дүйсембаева Б.Б. «Әлеуметтік бағытталған сыныптан тыс жұмыстар арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
Өз сөзінде педагог сынып ұжымымен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, «Адал Азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, сондай-ақ білім алушылардың жауапкершілігін, бастамашылдығын, коммуникативтік дағдыларын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарының түрлері мен әдістері жөнінде айтып өтті.

13 мая 2026 года в колледже корпорации «Казахмыс» состоялся городской семинар-практикум по обмену опытом среди педагогов.
В рамках семинара выступила классный руководитель 5 «А» класса Дуйсембаева Б.Б. с докладом на тему: «Развитие ключевых компетенций обучающихся через социально-ориентированную внеурочную деятельность».
В своем выступлении педагог поделилась опытом работы с классным коллективом, рассказала о реализации программы «Адал Азамат», а также о применяемых формах и методах воспитательной работы, направленных на развитие у обучающихся ответственности, инициативности, коммуникативных навыков и активной гражданской позиции.