👩🏻🍼Аналар күні құтты болсын!
✨Бүгін, 12 мамырда, Қазақстанда Аналар күні аталып өтуде. Бұл мереке 2023 жылы ресми түрде бекітіліп, жыл сайын мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады.
📌Бұл күн – аналықтың қадір-қасиетін дәріптейтін, аналарға деген сүйіспеншілік пен алғыс сезімін білдіруге арналған маңызды мереке.
✅Айта кетейік, аталған мереке мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі.
📑Мектебімізде Аналар күніне орай арнайы жоспар құрылып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған іс-шаралардың мақсаты – аналарға құрмет көрсету, оқушылардың отбасы құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру және ана еңбегін дәріптеу.
KZ


