3"А" сыныбының Бірлік күніне орай бейнеқұттықтауы.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 3"А" сынып оқушылары "Достығымыз жарасқан" атты бейнеқұттықтау жолдады. Оқушылар мерекелік өлеңдерін айтып, достық пен татулықтың маңызын насихаттады.
Бейнеқұттықтау барысында балалар әр ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын мақтанышпен жеткізді. Сондай-ақ, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің қадірін түсіндіріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Мерекелік құттықтау жоғары көңіл күйде өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сынып жетекшісі: Жолдасбекова М.М
#1_мамыр_бірлік_күні
#Адал_азамат
KZ

