Skip to content

2026 жылы 27 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің…

2026 жылы 27 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінің 9- сынып оқушылары Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Кәсіби бағдар сағаты – 2026» вебинарына қатысты. Мақсаты: орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына мамандық, оқу орнын таңдауда көмек көрсету. Вебинарда «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі», «Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі» КМҚК, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ, «Сервис» колледжі» ЖММ, «Академик К.А.Сагинов атындағы КолледжМектебі» ЖММ өкілдері колледж тарихымен, мамандықтарымен, колледжге қабылдаудың алғы шарттарымен таныстырды.
Кәсіби бағдар беруші педагог: Токтаубаева Г.Ж.
Назымбек Ж.М.
#кәсіби_бағдар_беру