Skip to content

Балқаш қаласы ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция майоры…

Балқаш қаласы ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция майоры Жаннұр Ғаниұлы Дәулетқалы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында полиция майоры оқушыларға экстремизмнің қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіріп, күмәнді ақпараттар мен интернеттегі қауіпті контенттерден сақ болу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Кездесу аясында буллинг, діни экстремизм және телефон алаяқтары сияқты өзекті мәселелер де қамтылды. Оқушыларға буллингтің зияны мен оның алдын алу жолдары, діни экстремизмнің қауіптілігі, сондай-ақ телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден қорғану тәсілдері түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға зор ықпал етеді.