16 сәуір күні мектебімізде қалалық білім бөлімімен келісілген жоспар бойынша «Инклюзивті білім:барлық балалар бірге» тақырыбында ашық есік күні өтті.Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тіркеліп, қонақтар жылы қарсы алынды. Ашылу салтанаты мектеп кітапханасында өткізіліп, инклюзивті орта қалыптастыру және барлық балаға тең мүмкіндік беру мәселелері кеңінен насихатталды.
ІІ блокта мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Г.М.Нығметжанованың ұйымдастыруымен «Ойнап отырып үйренемін» бірлескен ойыны көрсетіліп, ойын арқылы оқытудың тиімді жолдары таныстырылды. Сонымен қатар «Кішкентай қадамдардың үлкен күші» атты көрме ұсынылып, ерекше білімді қажет ететін балалардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары таныстырылды.
ІІІ блокта 1А сыныбында бастауыш сынып мұғалімі С.С.Амирбаева «Жасанды жарық көздері» тақырыбында жаратылыстану сабағын өткізіп, заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетті. Кейін педагог-психолог Э.К.Алишева ата-аналарға «Мектепте ЕБҚ бар баланы қолдау» тақырыбында кеңес беріп, «Үй жағдайында ерекше баланы дамытуға арналған практикалық кеңестермен» бөлісті.
Іс-шара соңында «Ашық микрофон» алаңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Жалпы, Ашық есік күні ата-аналар мен педагогтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.
KZ

