Skip to content

Балқаш қ. ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Накен…

Балқаш қ. ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Накен Е.Р мектеп оқушыларымен мектеп ережелері мен тәртіп сақтау тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, мектеп мүлкін ұқыпты пайдалану, ұстаздарға құрмет көрсету және қауіпсіздік талаптарын орындау туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік және тәртіптің маңызы айтылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.