Skip to content

10-сәуір күні «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК студенттері бізге қонаққа…

10-сәуір күні «Балқаш қаласының медициналық колледжі» КМҚК студенттері бізге қонаққа келіп, медициналық сыныпқа алғашқы көмек көрсетуден шеберлік сабағын өткізді.
Біз теорияны шетке ысырып, бірден практикаға көштік:
✅ Жүрек-өкпе реанимациясын қалай дұрыс жасау керек?
✅ Қандай жағдайда дереу әрекет ету қажет?
Студенттердің кәсібилігі бізді тәнті етті. Осындай кездесулерден кейін медицина әлеміне деген қызығушылығымыз одан сайын арта түсті!
Өмірді құтқару — бұл өнер.