7 «А» сыныбында «Досболlike» тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға достықтың маңызын түсіндіру, бір-біріне деген сыйластық пен қолдауды нығайту болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар достық туралы өз ойларымен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап берді, пікір алмасты. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды.
Оқушылар белсенді қатысып, достықтың қадірін түсініп, бірлік пен татулықтың маңызын ұғынды. Сынып сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекшісі: Таукеева С.З
#досболlike
#Адал_азамат
KZ


