Skip to content

2026 жылғы 10 сәуірде жоғары сынып оқушылары үшін ауқымды телекөпір…

2026 жылғы 10 сәуірде жоғары сынып оқушылары үшін ауқымды телекөпір ұйымдастырылды. Іс-шара Қарағанды облысында 2026 жылға арналған «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі жоспарға сәйкес, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
Ұйымдастырушылар — Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Телекөпір барысында оқушылар есірткіні жасырын тарату («закладка») және дропперлік үшін жаза өтеп жатқан сотталғандардың оқиғаларын тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Мұндай формат жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдарын тереңірек түсінуге және заңды сақтаудың маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.
10 апреля 2026 года для учащихся старших классов была организована масштабная телеконференция. Мероприятие прошло в соответствии с планом по продвижению идеологемы «Закон и порядок» на 2026 год в Карагандинской области, а также в целях профилактики правонарушений среди подростков и молодежи.
Организаторами выступили Управление образования Карагандинской области совместно с Департаментом уголовно-исполнительной системы области.
В ходе телеконференции учащиеся смогли услышать истории осуждённых, отбывающих наказание за распространение наркотиков («закладки») и дропперство, а также задать им интересующие вопросы. Подобный формат позволил подросткам глубже осознать последствия противоправных действий и важность соблюдения закона.