Skip to content

2026 жылы 09 күні Балқаш жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндер…

2026 жылы 09 күні Балқаш жоғары медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мақсұтова Назима Хизатоллаевна, кәсіби бағдар беруші Беркен Аружан Бақтиярқызы және ІV курс студенттері 9 сынып оқушыларымен кездесті. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үрдісінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оқуға түсу талаптары таныстырылып, ақпараттық брошюралар таратылды. Колледж студенттері алғашқы көмек көрсету жолдарын, адамның қан қысымын өлшеу алгоритмін, жарақаттарды орау әдістерін көрсетті. Кездесу соңында алған ақпараттарын зерделеу үшін оқушыларға сұрақтар қойылып, шағын сыйлықтар табысталды.
Мақсаты: оқушыларының медициналық мамандық туралы түсініктерін кеңейту, медициналық жұмысқа оң көзқарас қалыптастыру. Мамандықты сынап көру – дұрыс таңдау жасаудың жалғыз жолы. Оқушы белгілі бір мамандық туралы ақпарат алу үшін ғана емес, оны іс жүзінде сезіну үшін де сынап көреді.
Кәсіби бағдар беруші педагог Токтаубаева Г.Ж.
Назымбек Ж.М.
#кәсіби_бағдар_беру
#адал_азамат