2026 жылы 9 сәуір күні «Қазақмыс»корпорациясы Политехникалық колледжінің оқытушысы Белекбаева Лаура Қадырханқызы мен мектебіміздің түлегі, ІІІ курс студенті Тлеубай Нурислам 9 сынып оқушыларымен кездесіп, ерте кәсіптік бағдар беру және оқушыларды кәсіби даярлау негіздерінің «JasCkills Kazakhmys-2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының І кезеңін өткізіп, әңгімелесті. Оқушыларды чемпионат ережесімен, мақсат, міндеттері, өткізу орны мен мерзімі және құзыреттіліктерімен таныстырды. ІІ турға қатысатын оқушылар іріктелді. Мақсаты: оқушылардың болашақ заманауи жұмысшы мамандықтарды игеруге жаңа мүмкіндіктер құру.
Кәсіби бағдар беруші Токтаубаева Г.Ж
Назымбек Ж.М.
#кәсіби_бағдар_беру
#Адал_азамат

KZ

