Skip to content

2026 жылғы 8 сәуір күні “Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ” мектебінде…

2026 жылғы 8 сәуір күні
“Ы.Алтынсарин атындағы №25 ЖББ” мектебінде
11 «А» сыныбында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі баптарымен танысып, олардың маңызын талқылады. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтары, білім алу құқығы, заң мен тәртіп қағидаттары, сондай-ақ «Адал азамат» құндылықтары кеңінен қарастырылды.

Сынып жетекшісі:Тәңірберлі Р.Р.