Skip to content

2026 жылғы 3 сәуір күні мектебімізде Кеңес Одағының Батыры Әлия…

2026 жылғы 3 сәуір күні мектебімізде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың құрметіне арналған қалалық ату жарыстары өтті.
Жарысқа қаладағы 6 мектептен қатысушылар келіп, әр мектептің намысын 3 қыздан қорғады.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, сабырлылықты, ұқыптылықты және дәлдікті көрсетті. Жарыс барысында қыздар табандылық, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу және қиын жағдайда жинақылық таныта білді. Олардың батылдығы мен жеңіске деген жігері — елжандылықтың және батыр қыздың ерлігіне деген құрметтің жарқын көрінісі болды.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1 орын — Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей
🥈 2 орын — «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ
🥉 3 орын — Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей, «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жоғары нәтижелері мен белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!
3 апреля 2026 года в нашей школе состоялись городские соревнования по стрельбе, посвящённые Герою Советского Союза Алие Молдагуловой.
В соревнованиях приняли участие 6 школ города. Честь своих учебных заведений защищали по три девушки от каждой команды.
Участницы продемонстрировали высокий уровень подготовки, выдержку, внимательность и точность. В ходе соревнований девушки проявили силу духа, ответственность, целеустремлённость и умение сохранять концентрацию в напряжённых условиях. Их уверенность и стремление к победе стали ярким примером патриотизма и уважения к подвигу легендарной героини.
По итогам соревнований места распределились следующим образом:
🥇 1 место — Школа-лицей имени Алимхана Ермекова
🥈 2 место — КГУ «Общеобразовательная школа №12», КГУ «Общеобразовательная школа имени Бауыржана Момышулы»
🥉 3 место — ГУ «Школа-лицей №15 имени Алихана Бөкейханова», КГУ «Общеобразовательная школа №4», КГУ «Общеобразовательная школа №25 имени Ы. Алтынсарина»
Поздравляем победителей и благодарим всех участниц за стремление к высоким результатам и достойное выступление!