Skip to content

2026 жылы 1 сәуірде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің…

2026 жылы 1 сәуірде Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бастамасымен «Серпін» мемалекеттік бағдарламасы аясында мектеп бітіруші түлектерді тарту мақсатында «SERPIN WAY» атты ауқымды кәсіптік бағдар беру туры болып өтті. Бұл жоба – еліміздің солтүстік өңірлеріндегі сапалы білім мен мемлекеттік гранттар мүмкіндігін таныстыруға бағытталған бірегей керуен. Шара барысында университеттің білікті оқытушылары талапкерлерді қабылдау, гранттар мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, ЖОО шарттары, мамандықтар және оқу орындарының жатақхана жағдайлары туралы толық мәлімет берді. Кездесу кезінде университет студенттері оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады, әсем әндер шырқалып, би биледі. Кәсіптік бағдар беру шарасы жоғары деңгейде өтті.
Кәсіби бағдар беруші педагог: Токтаубаева Г.Ж.
Назымбек Ж.М.
#Адал_азамат
@balqash_qalasy_bilim_bolimi