Skip to content

Мектебіміздің оқушылары үшін Қоңырат кітапханасына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты…

Мектебіміздің оқушылары үшін Қоңырат кітапханасына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани дүниесін байыту және кітапханамен жақынырақ таныстыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, кітап қоры, оқу залдары және кітапхананың жұмыс тәртібі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, балалар түрлі қызықты кітаптармен танысып, танымдық ақпараттарға қанықты.

Аталған экскурсияны мектеп оқушыларына аға тәлімгер Назымбек Жансая Магзумкызы ұйымдастырып, оқушыларды бастап апарды.
Оқушылар үшін бұл саяхат ерекше әсер қалдырып, кітап әлеміне деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың білімге, ізденіске және рухани дамуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз.

Для учащихся нашей школы была организована познавательная экскурсия в библиотеку Конырата.
Цель экскурсии – повышение интереса школьников к чтению, расширение кругозора и знакомство с работой библиотеки.

В ходе мероприятия учащиеся познакомились с деятельностью библиотеки, узнали о книжном фонде, читальных залах и правилах пользования библиотекой. Кроме того, ребята смогли ближе познакомиться с интересными книгами и получить много полезной и познавательной информации.

Данную экскурсию для школьников организовала и сопровождала старшая вожатая Назымбек Жансая Магзумкызы.
Поездка оставила у учащихся яркие впечатления и способствовала повышению их интереса к миру книг и чтению.

Подобные мероприятия имеют большое воспитательное значение и способствуют развитию у подрастающего поколения стремления к знаниям, саморазвитию и духовному росту.
#көктемдік_демалыс