17.03.2026 жылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сыныбында «Оқушылардың үлгерімі және көктемгі демалыстағы қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылардың оқу үлгерімі талқыланып, білім сапасын арттыру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, түрлі жағдайларда сақтық шараларын сақтау қажеттілігі айтылды.
Оқушылар күн тәртібін тиімді ұйымдастырудың маңызы туралы ой бөлісіп, өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ әртүрлі өзекті мәселелер қозғалып, оқушылар белсенділік танытты.
Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекшісі: Таукеева С.З.
KZ

