16.03.2026 жылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі-інде 7 «А» сыныбында «Мұз үстіндегі қауіпсіздік» және «Көктемгі демалыс» тақырыптарында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға көктем мезгілінде мұздың жұқарып, қауіпті болатыны түсіндіріліп, мұз үстінде жүріп-тұру кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері айтылды. Сонымен қатар көктемгі демалыс уақытында жолда, қоғамдық орындарда және табиғат аясында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қауіпсіздік ережелерін талқылап, пайдалы ақпараттармен танысты.
Сынып жетекшісі: Таукеева С.З.

KZ

