Skip to content

16.03.2026 жылы Наурыз мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы…

16.03.2026 жылы
Наурыз мерекесіне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі-нің 7 «А» сыныбында «Наурыз – жыл басы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ халқының көктемгі жаңару мерекесі туралы мәліметтер берілді.
Оқушылар мерекеге байланысты өз ойларымен бөлісіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бірлік пен татулықтың маңызын түсінді.
Сынып жетекшісі: Таукеева С.З
#Ұлы_Дала_Наурыз
#Digital_Nauryz