Skip to content

“Кәсіби мамандармен кездесу” іс-шарасы. Әр бала – болашақ маман. Дұрыс…

“Кәсіби мамандармен кездесу” іс-шарасы.
Әр бала – болашақ маман. Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын өмір жолының бастауы.

Мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары маман иелерімен кездесті. Кездесуге мектеп медбикесі Түскеева Бейбіт Арыстамбековна және дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдрахманова Людмила Урустеновна шақырылып, өздерінің еңбегі мен күнделікті қызметінің маңызын, мамандықтардың ерекшелігін, кәсіби жолдарын түсіндірді. Өз салаларына қатысты сұрақтарға мазмұнды жауап берді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру; қоғамға бір пайдасы тиетін мамандық иесі болуға тәрбиелеу, адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау, жастарға мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар беру.

Кәсіби бағдар беруші педагогтар: Токтаубаева Г.Ж.
Назымбекова Ж.М.
#Адал_азамат
#Кәсіби_бағдар_беру