3"А" сыныбында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың аналарға, әжелерге және ұстаздарға деген құрмет сезімін арттыру, мейірімділік пен ізеттілікке тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында мерекенің мәні мен маңызы түсіндіріліп, ананың отбасы өміріндегі ерекше орны туралы әңгіме айтылды.
Оқушылар тақпақтар оқып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар мерекеге байланысты танымдық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты. Сынып сағаты әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор форматта өтті.
Сынып жетекшісі:Жолдасбекова М.М
Машықкер:Түсенов Н.М
#8_наурыз_халықаралық_әйелдер_күні
#Адал_азамат
KZ

