Skip to content

Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті «Жылу» акциясын ұйымдастырды. 1…

Алғыс айту күніне орай мектеп парламенті «Жылу» акциясын ұйымдастырды.

1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай мектеп парламенті «Жылу» акциясын өткізіп, мектеп ұжымын құттықтады. Акция барысында ұстаздар мен қызметкерлерге жылы лебіздер айтылып, алғыс сөздер жазылған ашықхаттар табысталды.

Шараның мақсаты – ризашылық білдіру, үлкенге құрмет көрсету және мектеп қабырғасында мейірімділік пен сыйластық атмосферасын қалыптастыру.
#мектеп_парламенті