4-Ә сыныбында Наурыз мерекесіне орай тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Наурыз мейрамы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, балалар ән айтып, өлең оқып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеді. Оқушылар бата беріп, қазақ халқының қонақжайлығы мен салт-дәстүрлері жайлы мағлұмат алды. Мерекенің басты тағамы – Наурыз көже ұсынылып, оның маңызы мен құрамы туралы айтылды. Іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті.
Ұйымдастырушылар: 4Ә сыныбы ата аналар ұжымы мен оқушылары

KZ
