30.03.2026ж
📍 Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің
📚 7 «А» сыныбында «Кітап – рухани қазына», «Киберқауіпсіздік және заң» тақырыптарында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатында оқушылар кітаптың адам жанына рух берер асыл қазына екенін ұғынып, әрбір оқылған туындының ой-өрісті кеңейтетінін, тәрбиелік мәні терең екенін әңгіме етті. Кітапқа деген құрмет пен қызығушылықтарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар цифрлық әлемдегі тәртіп пен жауапкершілік жайы сөз болып, интернетті саналы пайдалану, жеке мәліметті қорғау, заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.
✍️ Сынып жетекшісі: Таукеева С.З.
#Адал_азамат

KZ

