Skip to content

2026 жылы 25 ақпанда мектебіміздің әскери жетекшісі Асқаров Ануар Ақылбекович…

2026 жылы 25 ақпанда мектебіміздің әскери жетекшісі Асқаров Ануар Ақылбекович 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, «Ақсауыт» Шоқан Уалиханов атындағы әскери колледжіне түсуге белсенді түрде шақырды. Мақсаты: оқушыларды әскери қызметке ынталандыру. Колледжде білім алушыларға сапалы әскери және кәсіби дайындық, қатаң тәртіп, жан-жақты тәрбие беріледі.
Оқу орнында кадеттер теориялық біліммен қатар практикалық машықтарын жетілдіріп, көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Колледж түлектерінің алдында кәсіби сержант атанып, Қарулы Күштер қатарында абыройлы қызмет атқаруға кең мүмкіндіктер ашылады.
Колледжде:
1. Әскери және жалпы білім беру пәндері
2. Қатаң тәртіп пен жоғары талап
3. Тегін оқу, тамақтану және жатын орын
4. Әскери форма және әлеуметтік кепілдіктер
5. Патриоттық рух пен көшбасшылық қабілетті дамыту

Әскери колледж – тәртіп, білім және патриотизм мектебі.

Кәсіби бағдар беруші педагогтар: Токтаубаева Г.Ж.
Назымбек Ж.М.
#кәсіби_бағдар_беру
#проферрантация