2026 жылы 19 мамыр күні "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС кәсіпорны 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау мақсатында өндірістік саяхат ұйымдастырды. Өндірісте оқушыларға кәсіпорынның тарихы, қызметі, міндеттері, қойылатын талаптар туралы теориялық сабақтар және техникалық қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары бейнеролик арқылы жүргізілді. Сонымен қатар бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтармен жақын таныстырды. Өндірістегі эколог маман өңірдегі экология мәселесі қаншалықты маңызды екенін оқушыларға түсіндіріп өтті. Кәсіпорынның негізгі мақсаты үйінділерден мысты тиімді өндіру және алынған шикізатты өңдеу арқылы дайын өнім ( катодты мыс) алу, осы мысты алу процесін кәсіпорын маманы тәжірибелік жұмыс жасау арқылы көрсетті.
Кәсіпорынға саяхаттап барған оқушылар ерекше әсермен қайтты.
Осы өндірістік саяхатты ұйымдастырған "Коунрад мыс компаниясы" ЖШС- нің бас директоры Логачев Виталий Валерьевичке, инженер-технолог, металлург Аманғали Рүстем Ерланұлына, қоршаған ортаны қорғау инженері, эколог Ибраева Оксана Леонидовнаға, еңбекті қорғау және қауіпсіздік инженері Маслов Вячеслав Васильевичке мектеп әкімшілігі және оқушылардың атынан алғысымызды білдіреміз
Кәсіби бағдарлаушы педагог Токтаубаева Г.
Назымбек Ж.М.
#кәсіби_бағдар_беру
#Адал_азамат

KZ

