Skip to content

2026 жылғы 8 сәуірде 11-сынып оқушыларына «Білім – мемлекеттік саясаттың…

2026 жылғы 8 сәуірде 11-сынып оқушыларына
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Сынып сағаты барысында жаңа Конституцияның негізгі баптары түсіндірілді. Тапсырмалар арқылы оқушылар топтарға бөлініп, адами капиталды дамыту, білім беру, ғылым және инновациялар мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және білімнің мемлекет дамуы үшін маңызын түсінуге ықпал етті.
8 апреля 2026 года для учащихся 11 класса был проведён единый классный час на тему
«Образование — главная ценность государственной политики: приоритеты, определённые в новой Конституции».
Мероприятие прошло в рамках Единой воспитательной программы «Адал Азамат», направленной на формирование гражданской ответственности, правовой культуры и нравственных качеств обучающихся.
В ходе классного часа было проведено разъяснение основных статей новой Конституции. Посредством выполнения заданий учащиеся работали в группах, где обсуждали вопросы развития человеческого капитала, образования, науки и инноваций.
Особое внимание было уделено формированию экологической культуры, а также осознанию важности бережного отношения к окружающей среде.
Классный час способствовал развитию у обучающихся аналитического мышления, активной гражданской позиции и пониманию значимости образования как ключевого фактора развития государства.
#Адал_азамат