📅 2026 жылдың 24 ақпан күні
🏫 Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі базасында
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Даналық мектебі» аясында 👨👦 «Әке тәрбиесі – әрқашан үлгі» атты әкелер мен ағалар арасында 🏐 волейбол жарысы өткізілді.
✨ Іс-шараның басты мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, әкенің қоғамдағы және отбасындағы рөлін дәріптеу, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру.
💪 Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
🤝 Әкелер мен ағалар ұйымшылдық пен сыйластықтың жарқын үлгісін көрсетті.
🌿 Салауатты өмір салты насихатталып, оқушыларға үлкен мотивация берілді.
🏆 Іс-шара соңында жеңімпаздар командалар диплом және алғыс хаттармен марапатталды.
✅Бұл спорттық кездесу – әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтқан, тәрбиелік мәні зор тағылымды шара болды.
#біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#әкелер_мектебі
#ағалар_мектебі
#Адал_азамат

KZ
