Skip to content

2026 жылдың 15 мамыр күні “Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ…

2026 жылдың 15 мамыр күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі"КММ-інде 7 “А” сыныбының ата-аналарының қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 4-тоқсанның қорытындысы айтылып, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қарастырылып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, судағы қауіпсіздік, жол жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі, көшедегі тәртіп сақтау және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі туралы түсіндірілді.

Жиналыс соңында ата-аналардан қауіпсіздік ережелері бойынша қолхат алынып, ережемен танысқандары туралы қол қойылды.

Сынып жетекшісі: Таукеева Салтанат Зарузадиновна.