Skip to content

19.03.2026 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің…

19.03.2026 жылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сыныбында «Алақай, көктемгі демалыс!» атты каникул шарасы өткізілді.
Шара барысында оқушылар көктемгі демалысқа байланысты өз ойларымен бөлісіп, жоспарларын айтты. «Ауылға барамын» деп қуаныштарын жеткізген оқушылар демалысты қалай өткізетіндері жайлы әңгімеледі.
Сонымен қатар оқушылар көктем тақырыбына байланысты суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Шара жоғары деңгейде, қызықты әрі тәрбиелік мәнде өтті.
Сынып жетекшісі: Таукеева С.З.
#Адал_азамат